Астанадағы мектептердің бірінің аумағында болған қоғамдық тәртіп бұзушылық дерегі полиция қызметкерлерінің жедел әрекетімен анықталып, жолы кесілді. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында белгілі болғандай, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен мектеп аумағына заңсыз кірген. Оған тәртіп сақшылары тарапынан ескерту жасалған. Ол агрессивті түрде жауап берген. Салдарынан жанжал туындаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық азаматтың әрекеті жан-жақты тексеріліп, құқықтық баға берілген. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза алды.
Алматыда тәртіп бұзған жасөспірімдер ел аумағынан шығарылуы мүмкін
Қосымша түрде жасөспірімнің ата-анасының тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағыттағы материалдар профилактикалық шара қабылдау үшін оның тұрғылықты жері бойынша тиісті органдарға жолданған.
Полиция өкілдері балалар мен жасөспірімдер бар ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заң мен тәртіптің қатаң сақталуы міндетті екенін атап өтті. Кез келген құқық бұзушылық пен өрескел әрекеттер дер кезінде тоқтатылатыны ескертілді.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары әрбір мұндай жағдай міндетті түрде құқықтық бағаланатынын, бұл тек жауапкершілік шарасы ғана емес, алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту тетігі екенін еске салды.
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды