• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:42

Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды

60 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Орбита-4 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің балконы мен бөлмесін шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ пен арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, 4 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды. Сонымен қатар, 30 тұрғын эвакуацияланды, оның 10-ы – балалар.

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды

Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт 15 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді

Соңғы жаңалықтар