«Құрметті БАӘ-де тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары! Баршаға қиын кезеңде сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз ерекше маңызды. Қазіргі уақытта БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзит арқылы өтіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары бар. Қалыптасқан жағдайда олардың бірқатарына уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сіздерде уақытша орналастыруға, тамақпен қамтамасыз етуге немесе өзге де нақты көмек көрсетуге мүмкіндік болса, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, егер сіздерге қиын жағдайда қалған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет белгілі болса, бұл туралы дипломатиялық өкілдіктерге хабарлауларыңызды өтінеміз», делінген хабарламада.
Байланыс үшін: Қазақстан Республикасының Абу-Дабидегі Елшілігі:+971 50 508 5226+971 2 449 8778 Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы:+971 50 570 1978+971 4 547 5784 dubaimfakz@gmail.com Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жарияладыБАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды
10 рет
көрсетілді
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі қазақстандықтарға отандастарына қолдау көрсету жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.