• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 08:17

Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді

0 рет
көрсетілді

Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Жаркент мешіті ХІХ ғасыр соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Сонымен қатар оны ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия құрылыс өнері синтезінің жарқын мыса­лы деуге болады.

Инженерлік және көркемдік әдіс-тәсілдерімен танымал болған Вознесенск шіркеуі – ХХ ғасырдың басындағы православ ағаш сәулет өнерінің озық үлгісі.

«Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы елімізде мәдени әралуандықтың бар екенін аңғар­тады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағында ислам және хрис­тиан дәстүрлерінің үйлесімді түрде қатар дамығанын, бір-біріне ық­пал етудің тарихи тәжірибесі қалып­тасқанын көрсетеді. Мешіт пен шір­кеудің алдын ала тізімге енгі­зілуі – Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және оларды дәріптеу ісінің маңызды кезеңі. Бұл қадам ЮНЕСКО-ның рәсімдері мен талаптарына сәйкес номинация құжаттарын әзірлеуге негіз болады», деп жазды Е.Қарин.

 

Соңғы жаңалықтар