Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көктем мезгілі қарсаңында жыл құстарына арнап ұялар салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биік ағаштарға ұялар салған полиция қызметкерлері бұл іс-шара бір реттік акция емес деп отыр. Алдағы уақытта да табиғат жанашыры ретінде көптеген жұмыс атқаруға ниетті.
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ағаштан әдіптеліп жасалған ұялар қара торғай, шымшық, қарлығаш секілді өзге де жыл құстарына арналған.
«Жыл құстарына ұя салу арқылы оларға деген қамқорлығымызды көрсетіп отырмыз. Жалпы полиция қызметкерлері тек құқықтық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, табиғат жанашыры да бола білуі керек. Сондықтан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады», дейді олар.
Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?