Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға төрт адамнан тұратын отбасының жоғалғаны туралы хабар түсті: 66 және 64 жастағы ерлі-зайыптылар және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы. Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қаңтардың басында шаруашылық ғимаратында ерлі-зайыптылардың денелері пышақ жарақаты іздерімен табылды. Полиция күдіктіні іздеуге жариялады.
Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр
Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылғанын хабарлады.