• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 11:49

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

10 рет
көрсетілді

Маңғыстаудағы маңызды стратегиялық нысанның бірі − «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ұжымы жаңа Конституцияны қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде 3500-ден астам адам еңбек ететін «МАЭК» ЖШС − өңірдегі стратегиялық маңызы бар энергетикалық нысан. Кәсіпорын облыс халқын тұрақты электр қуатымен, су және жылумен қамтамасыз етіп, тұрғындардың тіршілік тынысын үздіксіз қолдап келеді. Әрбір қызметкер өңірдің орнықты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосып жүр.

Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді

Ұжым атынан кәсіпорын басшысы Кинис Ураков сөз сөйлеп, референдумға қатысу − азаматтық жауапкершіліктің және еңбек ұжымының саналы ұстанымының көрінісі екенін атап өтті.

«Біз күн сайын өңіріміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін еңбек етеміз. Әр қызметкердің еңбегі − Маңғыстаудың өркендеуіне қосылған үлес. Референдум − еліміздің болашағын өз дауысымыз арқылы айқындауға берілген маңызды мүмкіндік. Шешімді бірге қабылдай отырып, біз сенімді, тұрақты әрі гүлденген Қазақстан үшін жауапкершілігімізді көрсетеміз. Болашақ − әр дауыста, әр әрекетте, әр адамның таңдауында. Біз, МАЭК ұжымы, жаңа Конституцияны толық қолдаймыз», деді Кинис Ураков.

Кәсіпорын ұжымы жаңа Конституция мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды

«МАЭК» ЖШС өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі ретінде өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін көрсетті.

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Соңғы жаңалықтар