«Атырау» футбол клубын жекеге сатуға байланысты конкурс жарияланды. Клубтың бастапқы құны 175,6 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал нарықтық құны – 250,8 млн теңге. Клуб директоры Қуандық Жақиялиевтың дерегіне қарағанда, конкурс 10 наурызда өтуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол клубын сатып алатын инвесторға бірнеше тармақтан тұратын талаптар ұсынылды:
Біріншіден, инвестор құны 1 млрд теңгеден кем емес футбол академиясын ашуы тиіс.
Екіншіден, 8660 орынға есептелген «Мұнайшы» стадионына иелік етіп, инфрақұрылымын жетілдіруі қажет.
Үшіншіден, алдағы үш жылда футбол орталығында кемінде 1 000 баланы тегін оқытуы керек. Клубтың негізгі құрамына жергілікті тәрбиеленушілерді тарту жүктеліп отыр.
«Атырау» футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты
Төртіншіден, жыл сайын қаржылық кіріс-шығысқа қатысты аудиторлық тексеру өткізіп, мемлекеттік органдарға есеп береді.
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Бесіншіден, клубтың осы кезге дейінгі брендін сақтайды. Демек, тарихи атауын, түсі мен эмблемасын құзырлы органдардың келісімінсіз өзгертуге қатаң тыйым салынады.
«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады