• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды

10 рет
көрсетілді

ҚазАвтоЖол мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қостанай облысы:

15:00-ден бастап «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырымында (Арқалық – Ақмола облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

17:30-дан бастап «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымында (Тобыл – Октябрьский) жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Болжамға сәйкес, жолдар 23 ақпан сағат 08:00-де ашылады.

Ақмола облысы:

15:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін мына учаскелерде қозғалыс шектелді:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 147-192 шақырымы (Жалтырь – Жақсы);

«Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымы (Жақсы – Бұзылық).

15:20-дан бастап «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-552 шақырымында (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған) жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.

17:00-ден бастап «Көкшетау – Атбасар» автожолының 47-184 шақырымында (Зеренді – Атбасар) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Барлық бағыт бойынша жолдарды ашу уақыты алдын ала 23 ақпан сағат 08:00-ге жоспарланған.

 
Соңғы жаңалықтар