• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Банк Бүгін, 13:35

Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның банк секторындағы несиелендіру қарқыны бәсеңдегенімен, халықтың борыш жүктемесіне қатысты алаңдаушылық сейілмей тұр. Сарапшылардың ескертуінше, алдағы жылы банктер үшін ең әлсіз тұс – тұтынушылық несиелер болуы ықтимал. 2026 жылға арналған банк секторы бойынша болжамында S&P Global Ratings дәл осы бағытта тәуекелдің күшеюі мүмкін екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, қазір жағдай күрделі емес. Банктер тәуекелді бақылауда ұстап отыр. Алайда тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны баяулайды. 2026 жылы ол 18-20% шамасында болуы мүмкін. Соған қарамастан, халыққа берілетін несиелер банк секторындағы негізгі қозғаушы күш болып қала береді.

Сарапшылар өсімнің баяулауы банктер үшін белгілі бір деңгейде пайдалы дейді. Себебі табысы төмен азаматтардың қарызы тым көбейсе, қиын кезеңде банктер шығынға батады. Мұндай жағдайда олар қайтпай қалуы мүмкін несиелерге қосымша резерв жинауға мәжбүр болады.

S&P Global Ratings болжамынша, 2026 жылы төлемі кешіктірілген тұтынушылық несиелердің үлесі 5,5-6%-ға жетуі мүмкін. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда сәл жоғары көрсеткіш. Бұған несиелер мерзімінің қысқаруы және олардың «ескіруі» себеп. Сонымен бірге халықтың жалпы қарыз жүктемесі де ұлғайып келеді. Бұл банктердің қаржысына қосымша салмақ түсіреді.

Сонымен қатар банктердің табысы әлі де жақсы деңгейде сақталады. Агенттік дерегінше, таза пайыздық маржа 2025 жылы шамамен 7% болды. Бұл банктердің пайда табуына мүмкіндік беріп отыр.

Ал Ұлттық банк мәліметінше, 2025 жылы еліміздегі банктердің жиынтық пайдасы 2,7 трлн теңгеге жуықтады. Бұл бір жылда 7%-ға жуық өсім бар екенін көрсетеді. Дегенмен өсім қарқыны бұрынғыдан баяу. 2024 жылы банк секторының пайдасы 17%-ға артқан болатын.

Алдағы уақытта банктер үшін басты мәселе – халықты несиемен қамти отырып, қарыздың шамадан тыс өсуіне жол бермеу. Ал қарыз алушылар үшін негізгі қағида біреу: несие аларда өз мүмкіндігін нақты есептеу қажет.

Соңғы жаңалықтар