• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 12:17

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

10 рет
көрсетілді

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге күш қолдану фактісі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас әскери полиция басқармасы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, әскери қызметшілердің бірі жақ сүйегінен жарақат алған. Зардап шеккен әскери қызметші Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Оған қажетті біліктілік тұрғыдағы медициналық көмек көрсетіліп жатыр, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында тұр.

Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша олқылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де қаралады.

Тергеу кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген. Қорытындысы бойынша кінәлілер Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Жамбыл облысында әскери қызметші көз жұмды

Мәлімделгендей, жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында тұр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Соңғы жаңалықтар