Жол-көлік оқиғасы бүгін, 16 ақпан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Магнитогорск көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Jac» маркалы жедел жәрдем көлігі мен «Hyundai» жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
«Аталған дерек полицияда ресми түрде тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, жол апатының себеп-салдары жан-жақты зерттеліп жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, кеше Көктума елді мекені маңында 5 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан алты адам түрлі дәрежеде жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.