• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:32

Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі

10 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы басталғанын хабарлады. Ведомство жобаны жүзеге асыру мақсатында байланыс операторлар үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жоба аясында ауыл тұрғындары жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен қамтылып, бүгінде интернет желісі жоқ 1 123 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілер тартылады.

Бастама сәтті жүзеге асса 2,3 миллион адам жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алады.

40 мың шақырымнан астам тасжолда интернет пайда болады

«Жоба аясында байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілерді салуға жұмсалған шығындардың 50%-на дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс операторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде (балансында) қалады», делінген министрлік хабарламасында.

Шалғайдағы 504 ауыл интернетке қосылды

Ал қатысушыларды іріктеу Ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет пайда болады

Соңғы жаңалықтар