• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 16:17

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды

10 рет
көрсетілді

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы нақты уақыт режимінде ел ішіндегі және шетелдегі, оның ішінде ел азаматтары жиі баратын мемлекеттердегі эпидемиологиялық ахуалды бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-картаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфекциялық емес аурулар мен олардың қауіп факторларының алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жасады.

Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті

Орталық қызметі деректерді жан-жақты талдауға, тәуекелдерді тұрақты бақылауға және мемлекеттік органдар үшін басқарушылық шешімдер әзірлеуге негізделді.

«Мекеме құрылымында алты негізгі зертхана жұмыс істейді. Олар: вирусология, бактериология, паразитология, аса қауіпті инфекциялар, химиялық-токсикологиялық зерттеулер, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік және геномдық секвенирлеу бағыттары. 2025 жылы орталық мамандары 1 500-ден астам зерттеу мен секвенирлеу жүргізді. Айналымдағы штамдарға және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жасалды. Тәулік бойы жүргізілетін талдамалық бақылау орталық қызметінің маңызды бөлігі болып қала береді», делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Жыл ішінде COVID-19, көкжөтел, қызылша, жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және пневмония бойынша, сондай-ақ халықаралық эпидемиологиялық жағдайға қатысты 1 600-ден астам талдамалық және ақпараттық материал әзірленген. Оларда даму болжамдары мен ықтимал сценарийлер қамтылған.

Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды

Соңғы жаңалықтар