• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 15:25

24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?

10 рет
көрсетілді

Алматыда «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен салынып жатқан «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метрді құрайтын оң бағыттағы тоннельдің қазу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, қазір тоннельде теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Ал сол жақ бағыттағы тоннельде рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілерді монтаждау жұмыстары толық тәмамдалған.

Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?

Сонымен қатар «Қалқаман» бекетінің ғимараты толық салынып бітті. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесін қоса алғанда, әлемдік жетекші өндірушілердің қажетті жабдықтары жеткізілген. Жуырда оларды орнату және іске қосу кезеңі басталады.

Бас мердігер ұйымның өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, нысан құрылысы қала басшылығының тапсырмасына сәйкес тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Нормативтік мерзімі 24 ай болғанымен, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 айда аяқталған.

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады.

Соңғы жаңалықтар