• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:48

Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты

10 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы «Аса – Ақкөл» тасжолында жол апаты болды. Облыстық полиция басқармасының алдын ала мәліметінше, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Салдарынан Volkswagen Golf көлігіндегі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция жол-көлік оқиғасында басқа азаматтардың зардап шекпегенін мәлімдеді. 

Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Бұған дейін Алматыда такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалып, бір мезгілде 6 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар