• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

20 рет
көрсетілді

Елордада 14-15 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, онда азық-түлік тиімді бағамен ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері саудаланады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 14-15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары қатынайды.

Айта кетейік, Астанада жәрмеңке тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек

Соңғы жаңалықтар