• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:00

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді

10 рет
көрсетілді

30 қаңтар күні Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Үшем 11 тәулік орталық дәрігерлерінің бақылауында болып, кеше үйлеріне шығарылған, деп жазады Egemen.kz.

Қала тұрғыны Сүлейменова Ақшолпан үшемдерді қоса алғанда жеті перзенттің анасы атанған. Нәрестелерге Дәулет, Димаш, Дина есімдері берілген. 

Заңғар, Айбар, Әсел: Алматыда үшем дүниеге келді

«Үшемнің салмақтары туғанда әрқайсысы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәрестелер туғаннан кейін бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, жағдайлары тұрақтанған соң бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды», делінген Шымкент қалалық перинаталдық орталығы таратқан хабарламада.

Дәрігерлер үшемдерге толық медициналық көмек көрсетіліп, перзентханадан шығар уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қостанай облысының тұрғыны үш ұлдан кейін үшем қыз босанғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар