Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі цифрлық трансформация кезеңі туралы сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Цифрлық трансформация кезеңінде, ең алдымен, жеке адамның мүддесіне нұқсан келуі мүмкін. Сондықтан дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев: Цифрлық мемлекет құру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек
Президенттің айтуынша, дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану – мұның бәрі біздің елде де, шетелде де қалыпты жағдайға айналды.
«Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күресу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды.
Мемлекет басшысы: Салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кіріскен жөн
Президент Үкіметке тиісті мекемелермен бірге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде мұқият саралап, қарауды тапсырды.
«Бұдан бөлек, жақында Ұлттық құрылтайда атап өткенімдей, цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітіліп, айқындалуы керек», деді Мемлекет басшысы.
Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады