• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 10:59

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

10 рет
көрсетілді

Отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған жаңа цифрлық жүйеге қызығушылық артып келеді. 4 ақпандағы дерекке сәйкес, «Қазақстандық тауар өндірушілер реестріне» 13 242 өтінім түскен. Бұл кәсіпорындардың жаңа талаптарға біртіндеп бейімделіп жатқанын аңғартады, деп жазады Egemen.kz.

Алайда өтінімдердің бәрі бірдей бірден қабылданған жоқ. Берілген 13 мыңнан астам өтінімнің 3 463-і 524 субъектіге тиесілі болғандықтан кері қайтарылған. Тағы 43 компанияның 208 өтінімі төмен скорингке байланысты қабылданбады. Дегенмен бұл түпкілікті шешім емес. Кәсіпорындар кемшіліктерді түзетіп, қайтадан өтінім бере алады.

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады

Қазіргі таңда реестрде 762 субъектіден түскен 3 393 өтінім тіркелген. Цифрлық сервис штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жүйеге қосылғысы келетін кәсіпорындардың өтінімдері қабылданып жатыр.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Реестрге тіркелу тәртібін түсіндіру үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кеңес беру жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Осы мақсатта екі кезеңнен тұратын бейненұсқаулық әзірленген. Бірінші бейнеде жеке кабинет арқылы өтінімнің мәртебесін қадағалау жолы көрсетілсе, екіншісінде реестрден үзінді жүктеу тәртібі түсіндіріледі. Бұған дейін қадамдық нұсқаулық та дайындалып, министрлік пен QazIndustry сайттарына орналастырылған.

Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мамандардың айтуынша, реестрге көшу отандық өндірісті нақты қолдауға бағытталған. Жаңа цифрлық платформа деректерді біріздендіруге, жалған өндірушілерді анықтауға, рәсімдердің ашықтығын күшейтуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу тетігі айқынырақ әрі әділ бола түседі.

Соңғы жаңалықтар