Шымкент қаласында Бадам өзенінде балықтар жаппай қырылған. Балық өлекселерін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салған. Өзен суына зертханалық талдау жасаған мамандар судың құрамында күкірт қышқылы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талдау нәтижесінде су сынамаларында сульфаттардың мөлшері жоғары екені анықталған. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы фактор балықтардың қырылуына себеп болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ластану өнеркәсіптік қалдықтармен байланысты.
Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды
Қышқыл ерітінді кәріз құбырына төгілген, содан кейін құбыр жарылған. Судың агрессивті химиялық құрамына байланысты төгіндіні бірден тоқтату мүмкін болмаған. Бірнеше сағат бойы ластанған ағын су өзенге құйылып отырған.
«Шымкент қаласы аумағында орналасқан Бадам өзенінде балықтың қырылу фактілері бойынша Арал − Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірге құзырлы органдар тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. «Еламан» шағын ауданы бағытына қарай тартылған канализация құбырының жарылуына байланысты балық қырылу фактісі анықталды», делінген АШМ балық шаруашылығы комитетінің мәлімдемесінде. Балық сынамалары Шымкент қаласы бойынша аумақтық ветеринария инспекциясы мен санитарлық-эпидемиологилық бақылау департаментіне жолданды. Сонымен бірге, Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері су сынамаларын алып, тиісті экспертизаға жіберді. 2-5 жастағы қарабалықтардың шоғырлары, торта, тибет талма балығы мен өзен абботиналары тіркелген. Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады «Қазір табиғатқа келтірілген залалды анықтау мақсатында өлген балық шабақтарын жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде құқық бұзушыға тиісті шаралар қабылданады», делінген хабарламада. Экологтар тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті орындарға дереу хабарлауға шақырды.Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады