Дэвис кубогі шеңберінде Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матч қарсаңында өткен жеребе тарту рәсімі бұл жолы ұлттық нақышқа бай мазмұнмен өрілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, салтанатты жиында қос құраманың капитандары – Диас Досқараев пен Гийом Куйяр сөз сөйлеп, командалар бір-біріне естелік сыйлықтар тарту етті. Бұл – өзара құрмет пен спорттық бірліктің белгісі.
Теннисші Александр Бублик бір маусымда 34 рет жеңіске жетті
Ұлттық ойындар мен рухани танысуКездесудің ерекше бөлігі – Монакодан келген қонақтарды қазақ мәдениетімен таныстыру болды. Теннисшілер үшін асық ату мен ләңгі секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар дәстүрлі ойындарды сырттай тамашалап қана қоймай, өздері де ойнап көрді. Бұл бастама шетелдік спортшыларға қазақтың рухани мұрасын жақыннан сезінуге мүмкіндік берді.
Бублик ТОП-10-дықта
Тұсау кесу – символдық сәтІс-шараның шарықтау шегі Қазақстанның ең танымал теннисшісі Александр Бубликтің «тұсау кесу» рәсіміне қатысуы болды. Көне дәстүр бойынша, бұл ғұрып 1 жасқа толған баланың алдағы өмір жолы ашық, қадамы нық болсын деген ниетпен жасалады. Тұсауды кесу мәртебесі жолы үлгі боларлық, қасиеті жұғысты адамға сеніп тапсырылады.
Ұлттық салттың осындай символдық көрінісі спорт пен мәдениеттің өзара үндесуін айқын көрсетті. Бұл – халықаралық турнир аясында қазақ дәстүрін дәріптеудің әсерлі үлгісі.
Айта кетейік, осы күні Қазақстан – Монако матчына арналған ресми жеребе тарту рәсімі де өтті. Дэвис кубогы тек спорттық тартыс қана емес, халықтарды жақындастыратын мәдени алаң екенін тағы бір мәрте айғақтады.
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты