Аталған облыстың Созақ ауданында заңсыз алтын өндірген топ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында белгілі болғандай, рұқсат құжаттарсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды 12 адам заңсыз өндірген. Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қостанай облысында заңсыз алтын өндіргендер жауапқа тартылды
«Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.
ШҚО-да заңсыз алтын өндірушілер ұсталды