Онкологиялық сырқаттардың көш басында сүт безінің қатерлі ісігі тұр. Одан кейін тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісіктері кең таралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ертіс − Баян өңірінде қатерлі дертке шалдыққандар қатары азаяр емес. Облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 14 мыңнан астам адам тұр.
Семейдегі онкологиялық орталық заманауи жабдықтармен толықты
«Сүт безінің, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігіне шалдыққандар көп. Өкпе мен асқазан обыры да айтарлықтай алаңдатады. Дертпен күресудің ең тиімді жолы − оны ерте анықтаудың амалдарын күшейту. Былтыр онкологиялық сырқатты ерте анықтау ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. 33 науқас бірінші сатыда анықталды. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің себебінен болатын өлім саны да жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 9 пайыз болды. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де артты», дейді өңірлік онкологиялық диспансер басшысының орынбасары Әсел Асқарова.
Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды
Былтыр аталған диспансерде 10 мың адам қаралып, 1600 ота жасалған.
Онкология орталығының жаңа ғимараты ашылды