• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды

60 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Facebook платформасында Мұхтар Шахановтың атынан ашылған фейк парақша арқылы жалған ақпарат тарап жатыр. Белгісіз тұлғалар ақынның беделін пайдаланып, «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген мазмұндағы мәтінді тарату арқылы қоғам арасында арандатушылық тудырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Мәселенің мән-жайын білу мақсатында журналист Арман Әубәкір Мұхтар Шахановтың өзімен хабарласқан. Сұхбат барысында ақын ешқандай әлеуметтік желіні қолданбайтынын және тараған мәлімдеме жалған екенін айтқан.

Қоғам қайраткерінің есімін жамылып, мұндай мазмұндағы ақпаратты жариялаудың артында саяси тапсырыс тұруы мүмкін. Мұндай «фейктердің» негізгі мақсаты – қоғамға жік салу, жұртшылықты бір-біріне қарсы қою және азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелеу.

Еске сала кетейік, еліміздің заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқан тұлғалар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Шындықты бұрмалап, халықты адастырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар