Әлемге «поп музыкасының королі» атымен танылған Майкл Джексонның өмір жолына арналған «Майкл» атты биографиялық фильмнің алғашқы толыққанды трейлері көрермен назарына ұсынылды. Бейнероликті Lionsgate киностудиясы жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Фильмнің ресми прокатқа шығуы 23 сәуірге жоспарланған. Картинада басты рөлді марқұмның жиені Джаафар Джексон сомдайды. Трейлерден оның атақты ағасының сахнадағы қимылын, дауыс мәнерін және орындау стилін шынайы жеткізуге тырысқанын байқауға болады.
Екі минуттан асатын бейнероликте Майкл Джексонның әлемдік даңққа жету жолы, шығармашылық қалыптасуы, алғашқы табыстары мен сахнадағы жарқын сәттері көрініс тапқан. Трейлер барысында әншінің ең танымал хиттері де пайдаланылған. Бұл көрерменді сол дәуірдің атмосферасына жетелеп, аңыз тұлғаның өнер жолын қайта еске түсіреді.
Димаш пен Джексон
Фильмнің ресми синопсисінде картинаның тек музыкалық жетістіктермен шектелмейтіні атап өтілген. Туындыда Джексонның отбасылық топтағы алғашқы қадамдарынан бастап, әлемдегі ең әйгілі әртістердің біріне айналған кезеңіне дейінгі жолы қамтылады. Сонымен қатар оның шығармашылық амбициясы, сахна сыртындағы өмірі, жеке концерттеріндегі алғашқы қойылымдары да кеңінен көрсетіледі.
Әлемді баураған дауыс немесе әнші Димаш Құдайбергеннің өміріндегі тылсым оқиғалар хақында
Картина авторлары Майкл Джексонның өнер адамы ретінде ғана емес, жеке тұлға ретіндегі болмысын ашуға ұмтылған. Оның бала кезден бастап үлкен сахнаға дейінгі күрделі жолы, табысқа жету үшін жасаған еңбегі мен жауапкершілігі көркем тілмен бейнеленеді.