• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2026

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясы шеңберінде «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монеталардың сатылымы туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа коллекциялық монета қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1992 жылдан бері еніп келе жатқан шорт-трекке арналған. Конькимен жүгірудің бұл түрі жоғары жылдамдығымен, тактикалық күресімен және тартысты бәсекесімен ерекшеленеді. Осы қасиеттерінің арқасында шорт-трек қысқы Олимпиадаларда халықаралық көрермендердің айрықша қызығушылығын тудырып келеді.

«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монетасы Германияның MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындалған. Монета 925 сынамалы күмістен соғылған, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған. Салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындалу сапасы – proof. Номиналы – 1000 теңге, таралымы – 2000 дана.

Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды

Бұдан бір жарым жыл бұрын Рақымжан Қошқарбаев пен Кемел Ақышевтің 100 жылдығына орай монеталар шығарылған еді.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өз нарицательдік құны бойынша барлық төлем түрлері үшін қабылдануға міндетті. Сондай-ақ оларды банктік шоттарға есепке алу, аудару, айырбастау және ұсақтау үшін еліміздің барлық банктерінде пайдалануға болады. Монеталар Қазақстан теңге сарайында шығарылған.

Ұлттық банк «JOSHY ULYSY. 800 JYL» жаңа монеталарын шығарады

Соңғы жаңалықтар