Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирін 5-інші орынмен аяқтап, беделді супертурнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Б.Асаубаева 13 партияда 7,5 ұпай жинап, 4 рет жеңіске жетті, 7 ойынды тең аяқтап, 2 партияда жеңілді. Осы нәтиже оған Эло рейтингінде 19,1 ұпай қосып, мансабындағы ең жарқын көрсеткіштердің біріне айналды. Әсіресе турнирді болашақ чемпионды жеңуден бастап, соңғы кезеңде де жоғары деңгейде аяқтауы Қазақстан шахматшысының тұрақты ойынын айқын көрсетті.
Айта кетейік, Бибісара жарыстың алғашқы турында қарсыласынан басым түсті. Бұл оның турнир бойы көшбасшылармен тең дәрежеде күресе алғанын аңғартты. Блицтен 3 дүркін әлем чемпионы үшін бұл турнир әлем чемпиондығына үміткерлер арасындағы бәсекеге дайындықтың маңызды бөлігі іспетті, аталған турнир 29 наурыз − 15 сәуір аралығында Кипрдің Пафос қаласында өтеді.
Шахмат кабинеті ашылды
Tata Steel Challengers 2026 турнирінің жеңімпазы 15 жастағы америкалық гроссмейстер Энди Вудворд болып, 10 ұпай жинады. Екінші орынды украиналық Василий Иванчук (9,5 ұпай), ал үшінші орынды әзербайжандық Айдын Сүлейманлы (9 ұпай) иеленді. Турнирге қатысушылардың орташа рейтингі 2544 Эло ұпайын құрап, жарыс XII категорияға сәйкес келді.
Өткен жылы ең көп табыс тапқан шахматшылар белгілі болды
Вейк-ан-Зеедегі бұл нәтиже Бибісара Асаубаеваның тәжірибелі гроссмейстерлермен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын тағы бір мәрте айғақтады және алдағы маусымдағы ең маңызды жарыстардың бірі қарсаңындағы спорттық бабын айқын көрсететін маңызды көрсеткішке айналды.
Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева блиц шахматынан үшінші рет әлем чемпионы атанып, финалда украиналық Анна Музычукты ұтқан еді.
Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды