• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2026

Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады

30 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарына адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынғанын еске салды. Бұл үшін Ресей заңнамасына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Елшіліктің мәліметінше, Ресейде гармала деп аталатын, ал Қазақстанда адыраспан атымен белгілі өсімдік пен оның құрамындағы гармин заты есірткілік зат ретінде танылған. Осыған байланысты оны ел аумағына әкелуге, сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, пошта арқылы жіберуге, өсіруге, өңдеуге, сатуға, таратуға, пайдалануға және оны тұтынуға үгіттеуге қатаң тыйым салынған.

«Адыраспан Ресей медицинасында, мәдениетінде немесе асханасында қолданылмайды. Сондықтан оның айналымы заңсыз, ал оны насихаттауға, соның ішінде интернет арқылы таратуға тыйым салынған», делінген хабарламада.

Ресей шекарасынан адыраспан өткізуге тыйым салынды

Адыраспанды заңсыз пайдалану және айналымға енгізу үшін айыппұл, әкімшілік қамау, ал шетел азаматтары үшін Ресей аумағынан шығарып жіберу түріндегі санкциялар қолданылуы мүмкін.

Ресейге адыраспан кіргізгендер сотталады

Егер өсімдік немесе оның құрамындағы заттың көлемі ірі деп танылса, құқық бұзушыны бірнеше жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 1 миллион рубльге дейін (шамамен 6,6 миллион теңге) айыппұл салу жазасы күтеді.

Соңғы жаңалықтар