Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, биылғы заңнаманы жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі – шарттардың орындалуын бақылау.
«Бұл тетік әрі қарай да жетілдіріледі. Алайда қазірдің өзінде бірқатар маңызды қадамдар жасалды. Соның ішінде жұмыстарды қосалқы мердігерге беру мәселесіне бақылау күшейтілді. Жаңа заңда жұмыстардың 30%-нан аспайтын бөлігін ғана субмердігерлікке беруге рұқсат етіледі, ал бұған дейін бұл көрсеткіш 50% болған. Бұрын қосалқы мердігерге беру кезінде бақылаудың әлсіреуі өзекті проблемаға айналған еді», деді Дәурен Кеңбейіл ОКҚ-да өткен брифингте.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, жаңа нормалар талап бұзылған жағдайда бас мердігерлер үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.
Сенімнен айрылған мердігерлерге бақылау күшейді