• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қаңтар, 2026

Атырау экологтері табиғатты ластаушыларға 2,3 трлн айыппұл салды

150 рет
көрсетілді

Былтыр Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзумен байланысты 96 дерек тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен жылы қоршаған ортаның тазалығын  сақтау бойынша 32 бақылау жүргізілді. Оның ішінде, 13 профилактикалық бақылау, жоспардан тыс 15, талапқа сәйкестігіне байланысты 4 тексеру бар.

Атырауда табиғатты бүлдірген компанияға 26,5 млн теңге айыппұлы салынды

«Өткен жылы анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген 30 нұсқаманың бәрі толық орындалды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 161 әкімшілік іс қозғалып, 2 трлн  360 млрд  92 млн 384 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлдың 1 трлн 26 млрд 107 млн 119 мың теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 3 әкімшілік істі тоқтату жөнінде қаулы шығарылған. Заң бұзушыларға 5 ескерту берілген.

Түркістан облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 212 дерегі анықталды

Соңғы жаңалықтар