• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қаңтар, 2026

Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты

20 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында бір жарым жыл бойы әйелді аңдып, оның мазасын алған 37 жастағы ер адам сотталды. Сондай-ақ ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәбірленушінің арызына сәйкес, ер адам бір жарым жылдан астам уақыт бойы әйелді үздіксіз аңдып, оның назарын өзіне зорлықпен аударуға тырысқан. Әйелдің айтуынша, ол оның соңынан еріп, өзіне және айналасындағы адамдарға қатысты жанжал шығарған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті бұған дейін жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айту, дене жарақатын салу, сондай-ақ оның танысына шабуыл жасау деректері бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, ол қудалауын тоқтатпаған.

Елімізде сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Жәбірленуші әйел тыныштығынан айырылып, қала ішінде жүруден қорқып, өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағы адамдардың да өміріне алаңдағанын айтқан.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның Қылмыстық кодексіне 115-1-бабы «Сталкинг» енгізілгеннен кейін айыпталушы жәбірленушімен байланыс орнатуға екі рет әрекет жасаған. Сол әрекеттердің бірі әйел подъезге орнатқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

22 қаңтарда әйел полицияға жүгінген. Тексеру жүргізілген соң іс материалдары сотқа жолданды. 28 қаңтарда сот айыпталушыға 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Атырау облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы үкім шықты

Сонымен қатар оған ішімдік ішуге тыйым салынды. Полицияға профилактикалық әңгімелер үшін тұрақты түрде келіп тұру міндеттелді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар