• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым 29 Қаңтар, 2026

Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қабылданды

20 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Қабылдау рәсімі Ұлыбританияның Лордтар палатасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне қоғам қызметін дамытуға үлес қосқан адамдар қабылданады. Бұл ұйымға министрдің қабылдануы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін мойындау болып саналады.

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Сертификатты Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман табыс етті. Салтанатты шараға сондай-ақ Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Салли Эксуорси, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілік істеріндегі уақытша сенімді өкілі Руслан Карабулов пен Ұлыбритания Королінің өкілі Лорд Бреннан қатысты.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара сенім мен серіктестік жоғары деңгейде.

БАӘ өз азаматтарының Ұлыбританияда оқуын қаржыландыруды тоқтатты

Соңғы жаңалықтар