• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қаңтар, 2026

Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды

20 рет
көрсетілді

Алматыдағы беделді QSI жекеменшік мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тексеріс бастады. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенген оқушы ауруханаға жеткізілді, ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға туралы баланың әкесі, кәсіпкер Қанат Әміркин мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептегі буллинг – қайғылы жағдайға басты себеп болған.

«Қызымды ауруханаға алып кетті, мектепте өзіне қол жұмсамақ болған. Егер бала сабаққа дұрыс жауап бермесе, бүкіл сынып оны мазақтап, келеке етеді екен. Ал мұғалім бұған тосқауыл қоймаған», деп жазды ол Facebook парақшасында.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, оқиға орнына Психологиялық қолдау орталығының мобильді тобы мен білім басқармасының өкілдері барды. Зардап шеккен балаға жеке психологиялық көмек көрсетілмек.

«Мектеп әкімшілігіне педагогтармен профилактикалық жұмыс жүргізу және балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықты ерте анықтау бойынша ұсыныстар берілді. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында», делінген хабарламада.

Ал QSI мектебі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдіруден бас тартқан.

Соңғы жаңалықтар