7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді. Спортты дамыту дирекциясы жаһандық бәсекеде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 балуан тіркеліп үлгерген.
Қазақстан дзюдошылары Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Осы сынға баратын ел құрамасы:Ерлер:
60 келі: Аман Бақытжан;
60 келі: Шерзод Давлатов;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
66 келі: Бауыржан Нарбаев;
73 келі: Есет Қуанов;
73 келі: Дастан Шаяхметов;
81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
81 келі: Әділет Алмат;
90 келі: Айдар Арапов;
100 келі: Марат Байқұмаров;
100 келі: Нұрлыхан Шархан;
+ 100 келі: Ғалымжан Қырықбай.
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, аталған бәсекеге еліміздің дзюдодан әйелдер құрамасы бармайды.
Айта кетейік, Франция астанасынан кейін Үлкен дулыға турнирі ақпан айының соңында Ташкент қаласында өтеді.
Астанада мектеп ішінен алғашқы мамандандырылған дзюдо залы ашылды