• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қаңтар, 2026

Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Астанадағы Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Еуразия» бірінші арнасының мәліметінше, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесінен Сарайшық көшесіне шыққан бетте көлікті басқара алмай көпір үстінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.

Алдын ала дерек бойынша, жол апатынан екі адам қаза тапты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 25 қаңтар күні Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапқан еді. 

Соңғы жаңалықтар