Прокурорлар мен полицейлердің бірлескен арнайы операцияларының нәтижесінде екі ауданда қылмыстық топтар ұсталған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал 80 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, Аққулы ауданында тұрғындардың түліктерін ұрлап келген қылмыстық топ мүшелері әшкере болған. Арнайы операция нәтижесінде 50-ден астам жылқы мен ірі қара малдарды ұрлады деген күдікпен 6 адам анықталып, ұсталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал көлемі 60 миллион теңгеден асады.
Дрон арқылы мал ұрлығы ашылды
«Күдіктілер алдын ала қылмыстық рөлдерді бөлісе отырып, ұйымдасқан түрде әрекет еткен. Ұрланған жылқылар мен ірі қара малдар оқиға орнында сойылып, Абай және Павлодар облыстарының нарықтарында сатылған. Төрт елді мекенде тінту шаралары жүргізілді, оның екеуі көршілес Абай облысының аумағында орналасқан. Нәтижесінде 28 бас жылқы, мал терілері, үш автокөлік, 8 бірлік қару және оқ-дәрілер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Сондай-ақ Павлодар облысының Май ауданында осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар 3 күдікті анықталып, қамауға алынған. Олардың 100-ден астам ірі қара малды ұрлауға қатысы болуы мүмкіндігі тексеріліп жатыр. Келтірілген залал 20 млн теңгеден асады.
Қостанай облысында мал ұрлығы жиілеп барады
Павлодар облысы