• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2026

Әуеден барлау: Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

22 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министр су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізіп, идрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін бақылады.

Сондай-ақ Кеген Тұрсынбаев Алтай, Үлкен-Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелеріне арнайы барып, аудандарда су тасықынының алдын алу бойынша атқарылған инженерлік жұмыстармен танысты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Рашид Біләловтың айтуынша, өңірде қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын тазарту және тереңдету, тасжолдарда көпірлер салу және жөндеу бағытында 28 инженерлік іс-шара орындалған.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар уақытылы және үйлесімді жұмысты талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыс ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің мәселеге жедел ден қоюға дайын болуы тиіс. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті аумақта іс-қимылды үйлестіреміз», деді вице-министр Кеген Тұрсынбаев.

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?

Айта кетейік, «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингтеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді. Жүйе 49 гидропостар бойынша алдын ала 7 күндік болжам жасай алады.

Бұған дейін су тасқынының алдын алу мақсатында Түркістан облысында да өзен арналары тазартылып жатқанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Жетісуда да су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқын алды.

Соңғы жаңалықтар