• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2026

Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды

52 рет
көрсетілді

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ақпан айының 6-22 күндері XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты додасына 93 елден барлығы 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатыспақ. Ұлттық құрама сапынан Италиядағы додада жалпы саны 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Салыстырайық 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 34 спортшы (17 ер, 17 әйел) бақ сынаған.

Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды

XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан намысын қай өңірден неше спортшы қорғайтыны мәлім болды. Қысқы спорт түрлері негізінен солтүстік және шығыс өңірлерде жақсы дамыған. Дегенмен, оңтүстік аймақтардан да спортшылар қатыспақ.

Қысқы Олимпиадаға ең көп спортшыны Алматы қаласы мен Ақмола облысы ұсынып отыр. Алматыдан Миланға 4 спорт түрінен 6 спортшы аттанады. Ал Ақмоладан 2 спорт түрінен 6 спортшы барады.

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары жайғасқан. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы, Алматы облысынан 4 спортшы 2 спорт түрінен өнер көрсетеді. Сондай-ақ Павлодар облысынан 3 спортшы (3 спорт түрі), Қостанай облысынан 2 спортшы (1 спорт түрі) және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай облыстарынан 1 спортшы (1 спорт түрі) сайысады.

Қысқы Олимпиада: Тау шаңғысы спортынан ел намысын кімдер қорғайды?

Соңғы жаңалықтар