Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, 24 қаңтар күні Ақсу ауданында Көшкентал – Қапал автожолының төртінші шақырымында Toyota Avalon және Toyota Camry көліктері соқтығысқан.
Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір полицейлер жол апатының себептері мен мән-жайларын анықтап, барлық нұсқаны тексеріп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты