2007 жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл да жалғасын табады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Күміс Сейітованың хабарлауынша, республикалық акцияда бірнеше автор мен шығарма дауыс беруге ұсынылып отыр. Олар – Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр», Кеңшілік Мырзабековтің «Дәуір-дастан», Медеу Сәрсекенің «Жаңғырық», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Светқали Нұржанның «Ай таранған түн», Ғалымбек Елубайдың «Жүз жетінші көктем» кітаптары мен Олжас Сүлейменовтің өлеңдері және Қастек Баянбайдың шығармалары.
30 кітап оқыған жан – миллионер!
Қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың ана тіліне деген құрметін көтеру мақсатында ұйымдастырып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биыл қай қаламгердің шығармасын оқимыз? Ол 28 қаңтар күні өтетін тиісті комиссияның қорытынды отырысында белгілі болады.
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Айта кетейік, акция аясында 2024 жылы балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туындылары, ал 2025 жылы проза жанры бойынша жазушы Тәкен Әлімқұловтың, поэзия жанры бойынша ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды.
11 жастағы астаналық оқушы 4 тілде 853 кітап оқыған