• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Қаңтар, 2026

Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады

45 рет
көрсетілді

Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, биыл Қызылжар – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал желілері салынады, сондай-ақ Алтынкөл – Жетіген және Жезқазған – Сексеуіл учаскелерін жаңғырту аяқталады. Вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары да жалғасады.

Олжас Бектенов: Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтижелер керек

Автожолдар саласында 2026 жылдың соңына дейін Қызылорда – Жезқазған учаскесінде қозғалысты ашу жоспарланған. Биыл Қызылорда – Ақтөбе төрт жолақты магистралінің құрылысы басталады. Екінші жартыжылдықта Қарағанды – Жезқазған жобалары мен Сарыағашты айналып өту жолының жұмыстары басталады.

Мемлекеттік тапсырысқа мораторий: Жекеменшік мектептердің қаржыландырылуы түбегейлі өзгереді

Авиация саласы бойынша Венаға, Токиоға, Римге, Нью-Йоркке және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады деп жоспарланған. Жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін Fedex, UPS, Cargolux сияқты ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өндеуі өсуде. Өткен жылы жүк өндеу 173 мың тоннаға жетті, осы аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз», – деді министр.

Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ

Соңғы жаңалықтар