• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қаңтар, 2026

Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген

30 рет
көрсетілді

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өңірдің бас полицейі Оңал Бекиев жедел кеңес өткізіп, онда тергеу барысы мен құқық қорғау органдарының алдағы әрекеттері талқыланды.

«Кеңес барысында жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шараларының нәтижелері тыңдалып, тергеудің негізгі бағыттары айқындалды. Департамент басшысы қылмыстық істі қатаң заң талаптарына сай, жан-жақты әрі объективті тергеуді қамтамасыз етуді, келіп түсетін әрбір жедел ақпаратты мұқият және уақтылы тексеру қажеттігін атап өтті», делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Атырау облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бір айдан астам уақыт бұрын өңірдің төрт тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен. 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, ағасының отбасымен бірге ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған. Олар қараша айында үйлерінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Қазіргі таңда қаза болған ерлі-зайыптының 33 және 35 жастағы қызы мен күйеу баласына іздеу жарияланған.

Жоғалғандардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында қосылып-өшіріліп отырған, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген.

Іздеуде жүрген күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған. Іздеу ісі 2026 жылғы 8 қаңтарда тіркелген.

Қаза тапқандардың туыстары 66 жастағы Мақсот Мұқанғалиев пен оның жұбайы қайтыс болғаннан кейін де дауыс хабарламаларын алғандарын айтқан. Жақындарының сөзінше, хабарламалар келінінің телефонынан жіберілген, алайда болжам бойынша, ол кезде әйелдің өзі де қаза тапқан, ал белгісіз біреу бұрын жазылып алынған аудиохабарламаларды жіберген болуы мүмкін.

2026 жылғы 17 қаңтарда облыстық төтенше жағдай департаменті 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар