• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2026

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

82 рет
көрсетілді

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқау үш кезеңге бөлініп берілген кітаптарды оқып, онлайн тест тапсырды. Тестен жоғары ұпай жинаған оқырмандар төртінші кезеңге іріктеліп алынып, оқылған шығармалары туралы эссе жазды.

Мәселен, 10-14  жас аралығындағы балаларға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Рүстем Сауытбайдың «Шоко әлем», Нұр Домбайжының «Қабағы тұнжыр балақай» шығармаларын оқу тапсырылған. Ал 15-18 жас аралығындағы жасөспірім оқырмандар Оралхан Бөкейдің «атау кересін», Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» мемуарлық романын, Иван Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын оқыған.

Байқауға 19 жастан жоғары санаттағы ересектер де қатысты. Олардың қатарында студенттер, жұмысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер бар. Аталған санаттағы үміткерлер Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын, Төлен Әбдіктің «Өліара» романын оқыған.

Байқаудың қорытынды кезеңіне сүрінбей өткен 122 оқырман Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына келіп эссе жазды.

«Оқы және жең» жобасының ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді.  Әсіресе, Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының, Жангелдин, Қарасу, Ұзынкөл, Әулиекөл, Қарабалық, Жітіқара, Бейімбет Майлин аудандарынан көп оқырман қатысты. Осы байқаудың нәтижесі шығар, өңірде кітап оқитын тұрғындардың едәуір көбейгені байқалып отыр. Қорытынды кезеңге өткен оқырмандар жазған эсселерді қазылар алқасы тексеріп, бағалап, оған алдыңғы кезеңдерде жиналған ұпай сандарын қосып, жеңімпаздарды анықтап қойды.  Жеңімпаздар алдағы уақытта өтетін салтанатты жиында арнайы дипломдармен, қомақты қаржысы бар сетртификаттармен, бағалы сыйлықтармен  марапатталатын болады», дейді кітапхана директоры Сәния Серікқызы.

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар