• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қаңтар, 2026

Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

20 рет
көрсетілді

Елордалық полицейлер бес күнге созылған рейд барысында 530-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция дерегінше, 120 жүргізуші рөлде отырып телефонмен сөйлескен, 110 адам маневр жасау ережелерін сақтамаған. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілердің саны 100-ден асады.

«60 автобус техникалық тексеруден өтпеген. Олардың 20-ға жуығы заңсыз қайта жабдықталған болып шықты. 7 автобус айыппұл тұрағына қойылып, 62 автобус­тың мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды», деді рейд жүргізген полицейлер.

Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

Барлық құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылды.

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады