Алматыда Ақан Сері көшесі, 18-үй мекенжайында орналасқан рұқсатсыз салынған қосалқы нысан сот шешімімен бұзылды. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында аталған нысанның тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Осыған байланысты нысан иесі болып табылатын жеке тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.
Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді
2025 жылғы 9 қазанда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған.
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
Қала құрылысы бақылау басқармасының дерегінше, сот актісін орындау мақсатында бірер күн бұрын қосалқы нысанды бұзу жұмыстары басталған. Басқарма қала аумағында заңсыз құрылысқа жол бермеу бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.