Атырау облысының Тасқала елді мекенінде №51 автобус ішінде балалы әйел студент қызға орын бермегені үшін қол жұмсап, шашынан сүйреген, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында студент қызды әйел орын бермегені үшін басынан ұрып, шашынан сүйреген. Содан соң түк болмағандай «Көкарна мектебі» аялдамасынан түсіп қалған. Жәбір көрген қыз полиция шақырып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексеріп, жағдайын жақсы деп бағалаған. Сот-медициналық сараптамаға жолдама берілмеген.
Қоғамдық көлікте шу шығарған ер адам қамауға алынды
Атырау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, құқықбұзушылыққа жол берген әйел адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
«Оған қатысты ұрып-соғу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда жәбірленуші мен оқиғаның өзге де куәгерлерінен жауаптар алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.