• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Қаңтар, 2026

Қатты аяз, қарлы боран: 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар облыста қатты аяз, қарлы боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарында түнгі ауа температурасы -35…-41°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Алматы, Жетісу және Талдықорған өңірлерінде де -25°С-тан төмен қатты аяз болжанып отыр.

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Ірі қалаларда да қолайсыз ауа райы күтіледі: Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау, Атырау және Қызылордада тұман мен көктайғақ, желдің күшеюі болжанған.

Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға, жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырады.

Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті

Соңғы жаңалықтар