• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 17 Қаңтар, 2026

Бес минуттың әсері

10 рет
көрсетілді

Күн сайын небәрі бес минут серуен­деудің өзі адамның өмір жасын ұзартады. Мұндай тұжырым «The Lancet» журналында жарияланған ауқымды зерттеуде айтылды.

Ғалымдар Норвегия, Швеция, АҚШ және Ұлыбританиядан жиналған 135 мың­нан астам ересек адамның дерегін тал­да­ған. Қатысушылардың орташа жасы 63 ша­масында. Олар сегіз жыл бойы қимыл-қоз­ғалысын дәл өлшейтін құрылғыны тағып жүр­ген. Қатысушылардың 70 пайыздан ас­тамы күніне сегіз сағаттан көп уақытты кең­седе отырып өткізген. Бірақ сыртқа шығып, аз уақыт серуендеп келгендер арасында созылмалы ауру да, қозғалысты шектейтін күрделі мәселе де болмаған.

 

Соңғы жаңалықтар