Ақтау қаласын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су өндіру қуатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты.
Қала әкімінің айтуынша, «Каспий» су тұщыту зауытының екінші кезеңі аяқталып, кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 мың текшеден 40 мың текшеге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, «МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 6 мың текше су өндіретін жаңа тұщыту қондырғысы іске қосылды.
Биыл еліміздегі 142 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады
– Үкімет қаулысымен «Каспий» су тұщыту зауытының өнімділігін тәулігіне 100 мың текшеге дейін арттыру және «МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 12 мың текше су тұщыту қондырғысын салу жобалары бекітілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың екінші жартысында басталады. Сондай-ақ, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты тәуекелдерді азайту үшін «МАЭК» ЖШС-нің №2 су жинау каналына жанасатын жаңа су қабылдау каналының құрылысы қолға алынды, деді Әбілқайыр Байпақов.
Үкімет: Еліміздің барлық елді мекені 100% ауыз сумен қамтылды
Маңғыстау облысы